2025 жылдың қараша айының 19 күні Аягөз ауданы білім бөлімі «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де асханадағы тамақтану сапасын мерзімдік бағалау бойынша бракераж комиссиясы тексеру жүргізді.
Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатындығы мен сапасы туралы бракераждық журнал уақтылы толтырылылған. Бекітілген ас мәзірі бар. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемімен тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығыным өз деңгейінде.
Тәуліктік сынама алу мен сақтау қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық-гигиеналық талапқа сай.
Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген. “Бақылау асы” қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Комиссия асхана жұмысын жан-жақты тексерді.
Қорытынды: мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылуы талапқа сай жүргізілуде.
#адал_азамат_абай_облысы_аягөз
#АПҚО_АБАЙ_ОБЛЫСЫ_АЯГӨЗ

















