"№1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де педагогикалық әдеп тақырыбында өндірістік жиналыс өткізілді.
"№1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де педагогикалық әдеп тақырыбында өндірістік жиналыс өткізілді.



Жиналыс барысында мектеп директоры Қ. Т. Тастанбеков пен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Р. Е. Толебаева педагогикалық әдеп нормалары, мұғалімнің кәсіби жауапкершілігі, білім алушылармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынас мәдениеті туралы сөз қозғады.
Педагогикалық әдепті сақтау, әрбір оқушының жеке тұлғасын құрметтеу, әділдік пен адамгершілік қағидаларын ұстану – мұғалімнің кәсіби қызметіндегі маңызды міндеттер екені атап өтілді.












