RU KZ

Кәмелетке толмағандарға арналған мінез-құлық ережелері Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау:


✔️Қоғамдық тәртіпті сақта, айналадағы адамдарға құрметпен қара, дөрекілікке, агрессияға және жанжалға жол берме.
✔️Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берме (шулы мінез-құлық, ұсақ бұзақылық, бейәдеп сөздер айту және т.б.).
✔️Көшені кесіп өткенде, әсіресе көлік жүретін бөліктерге жақын жерлерде жол жүру ережелерін сақта.
✔️Бөгде адамдармен сөйлеспе және оларға жеке деректеріңді берме.
✔️Ересек адамдардың рұқсатынсыз ұйымдасқан топтан бөлініп кетпе.
✔️Ересектердің қатысуынсыз көшедегі тәртіпсіздіктерге және топтық жиналыстарға қатыспа.

Бос уақытты өткізу орындарында (сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, саябақтар, кітапханалар және т.б.):
✔️Ішкі тәртіп ережелерін сақта, өзіңді сыпайы және сабырлы ұста, басқа келушілерге кедергі келтірме.
✔️Мекеме әкімшілігі бекіткен тәртіп ережелерін орында.
✔️Мүлік пен жабдықтарға зиян келтірме, мінез-құлық нормаларын сақта.
✔️Тәртіпті және мекеме қызметкерлеріне, басқа балаларға құрметпен қара.

Жазғылагерьдегімінез-құлық:
✔️Күн тәртібі мен лагерь тәртібін сақта.
✔️Тәрбиешілердің, вожатыйлардың және медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орында.
✔️Лагерь аумағынан ересектердің ілесуімен ғана шығуға болады.
✔️Жеке бас гигиенасынсақта, тұрғылықты бөлмелерде тазалық пен тәртіпті ұстан.
✔️Іс-шараларға белсенді қатыс, ұжымның белсенді мүшесі бол.
✔️Басқа балалармен жанжалға жол берме, ешқандай жағдайда күш қолданба.
✔️Денсаулығыңа немесе өміріңе қауіп төнген жағдайда дереу ересектерге жүгін.

Кәмелетке толмағандар мен олардыңата-аналарының жауапкершілігі
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін олардың заңды өкілдері жауап береді (ӘҚБтК-нің 442, 132, 435, 440, 434 және басқа да баптарына сәйкес).
Заң мен қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзатын кәмелетке толмағандар кәмелетке толмағандар Ішкі істер органдарға профилактикалық есебіне қойылуы мүмкін.
Добавлено: 11-06-2026, 20:04
0
36

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх