“Тәуелсіздік бастауы, елдігімнің асқары!” тәрбие сағаты
“Тәуелсіздік бастауы, елдігімнің асқары!”
21 қазан күні 8 «Б» сыныбында Республика күніне орай «Тәуелсіздік бастауы, елдігімнің асқары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Республика күнінің тарихи маңызымен танысып, 1990 жылғы 25 қазандағы мемлекеттік егемендік туралы Декларация мен 1991 жылғы 16 желтоқсандағы мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заңның мәнін түсінді. Мемлекеттік рәміздерге құрмет, отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік туралы ой бөлісіп, ел болашағына қосатын үлестерін ортаға салды.
Мақсатымыз – елін сүйетін, тарихын құрметтейтін, болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!