RU KZ

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» Республикалық біріңғай жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті
Мектебімізде 2 және 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жауапкершілікке, тәртіпке және елін құрметтеуге тәрбиелеу.
Салтанатты рәсім барысында оқушылар ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып, елінің адал азаматы болуға ұмтылатындарын білдірді. Бұл күн жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтып, жарқын болашаққа деген сенімін арттырды.
Жас ұландықтар мен жас қырандықтарға сәттілік, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Добавлено: 22-10-2026, 12:40
0
23

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх