RU KZ

Мектеп президенті салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті

Мектеп президенті салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті 

Мектебімізде Мектеп парламентінің сайлауы өткізілді. Сайлаудың басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, мектеп өміріне белсенді қатысуға ынталандыру және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру.

Сайлау қорытындысы бойынша мектеп парламентінің жаңа құрамы анықталды:

1. Президент – Ақжарқын Бекжан
2. Вице-президент – Нұржан Інжу
3. Ақпарат министрі – Асылова Дана
4. Дебат министрі – Жанатбек Аяулым
5. Мәдениет министрі – Аманғалиева Айша
6. Ішкі істер министрі – Ербол Абылхайыр
7. Төтенше жағдайлар министрі – Оралхан Айзере
8. Қамқоршылық және бақыт министрі – Сабыр Жанар
9. Экология министрі – Тұрсын Іңкәр
10. Спорт және денсаулық министрі – Жексенбай Ерқанат

Жаңа сайланған мектеп парламентінің мүшелеріне жауапты қызметтеріне сәттілік тілейміз! Оқушылардың бастамаларын қолдап, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған игі істерді жүзеге асырып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетеді деп сенеміз.

Жаңа құрамға сәттілік! Бірге – жарқын болашаққа!
Добавлено: 16-10-2026, 10:57
0
9

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх