RU KZ

Мектеп оқушылары Жидебайда: Абай мұрасымен танысқан танымдық сапар"

Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 жалпы орта білім беретін мектеп”КММ-і 2025 жылдың 28 мамыр күні 8 “д” және 7”б”-сынып оқушылары сынып жетекшілері М.М.Пазылова және К.Е.Жолдыбевамен ұлы ақын , ойшыл Абай Құнанбаевтың туған мекеніне, Жидебайға танымдық саяхат жасап қайтты. Саяхат барысында оқушылар Абайдың мұражай-үйіне барып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректермен танысты. Жидебай шұрайлы, малға жайлы өлке екен. Бұ­рынғы заман болса, шынымен тек байлардың қо­нысы болатындай-ақ жер. Жидебай Абайдың қыс­тауы. Бұл үйде Абайдың қолының табы қалған әр зат қастерлі. Есік алдында ескі арба, пәуеске сақталған. Кіре бе­рісінде Оспанның басына Абай өзі қойған қара тас тұр. Ол тастағы жазудың соңында хәкім: «өтіп бара жат­қан мұсылман дұға қылсын» деп өтініш айтқан. Абай жатқан төсек, ойнаған дойбы, тоғызқұмалақ, протез тістері, шоты, самаурыны соншалықты бағалы, құнды жәдігерге айналған. Бұлардың бәрі Абайдың қолы тигендігі үшін құнды.Мұражай ішіндегі құнды жәдігерлер - Абай пайдаланған тұрмыстық заттар, қолжазбалар, кітаптар мен домбыра секілді мұралар балаларға ерекше әсер қалдырды. 

Сондай-ақ, Абайдың кесенесіне барып, қазақ халқының кемеңгер перзентінің рухына тағзым етті. Ұлы даланың төріндегі бұл қасиетті мекенде Абайдың өмір жолы, ағартушылық қызметі, рухани әлемі туралы танымдық әңгімелер айтылды. Жидебайға сапар балалар үшін ұмытылмас ерекше есте қаларлық күн болды. Сапар барлығына өте ұнады, барлығы өте риза болды. Оқушылар мұндай сапарларды жиі өткізуді ұсынды.

Добавлено: 28-05-2025, 22:19
0
59

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх