RU KZ

ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАСТАРДЫ ҚАУІПТЕН ҚОРҒАУ

2026 жылдың қазан айының 8 күні мектебімізде оқушылар арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.
📌 Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға:
 🔹 құмар ойынға тәуелділіктің адам өміріне тигізетін кері әсері;
🔹 лудоманияның психологиялық және әлеуметтік салдары;
🔹 қаржылық сауаттылық пен жауапкершілік;
🔹 бос уақытты тиімді ұйымдастырудың маңызы;
🔹 интернеттегі ойындар мен бәс тігуге байланысты қауіптер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, жағдаяттарды талдап, «Құмар ойын – оңай ақша емес, тәуелділікке апаратын жол» деген маңызды ойды талқылады.
💡 Біздің мақсатымыз – әр оқушыға дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар беру, тәуекелді әрекеттерден сақтандыру және жауапты тұлға қалыптастыру.
Өз таңдауыңды жаса! Уақытыңды, арманыңды және болашағыңды құмар ойынға айырбастама!
Добавлено: 8-10-2026, 19:24
0
3

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх