RU KZ

Президенттік жастар кадр резерві. Жаңа буынның таңдауы


Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. 

 

👤 Іріктеуге 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. 

 

📑 Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпестен мемлекеттік қызметтегі түрлі жоғары басшылық лауазымдарға тікелей тағайындалуға мүмкіндік алады.

 

📝 Үміткер азамат ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы тіркеуден өтуі қажет. Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.

 

📊 Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:

- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

- Сыртқы саясат және инвестициялар;

- Экономикалық және қаржылық саясат;

- Цифрландыру;

- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

 

☎️ Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz/ сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ, info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.

 

🇰🇿 Жалынды жастарды елге қызмет етудің озық үлгісін көрсету үшін «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына белсене қатысуға шақырамыз. Еліміздің дамуына өз үлесінді қос!

 

🖋️ Аталған жұмыс бағыты ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» №141 Жарлығы аясында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

 

#ПрезиденттікЖастарКадрРезерві

#ПрезиденттікЖастарКадрРезерві2025

 

#elgeqyzmet

@elgeqyzmet.gov.kz

@elgeqyzmet.abai

@abai_oblysynyn_akimdigi

@pkrezerv.gov.kz

Добавлено: 26-05-2025, 18:07
0
87

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх