«Тілдер мерекесі: Қазақ тіліне деген Құрметті арттырған «Тілім менің, баға жетпес байлығым» тақырыбындағы тәрбие сағаттары»
18.09.2024 ж. күні Тілдер мерекесіне орай «Тілім менің, баға жетпес байлығым» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағатында 6 «А» сынып оқушылары Жуматаева Сабина, Мырзақан Фатима тіл мерекесіне байланысты өлең-жырларын оқып, көрерменнің шын қошеметіне бөлене алды. Сабина қазақ тілінің байлығы мен сұлулығын сөз ететін өлеңдер оқып, көрермендерді терең ойға батырды. Фатима болса, өзінің жүрекжарды сөзімен қазақ тілінің маңыздылығын жеткізіп, көпшілікті рухтандырды. Оқушылардың өнері мен тілге деген сүйіспеншілігі тәрбие сағатын ерекше етіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Сонымен қатар, олардың өнері тілдің мәдениетіміздегі орнын тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, өз ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттырды.

